Алматы тауларында адасып кеткен 2 жасөспірім құтқарылды

382

3000 метрден астам биіктікте бағытынан жаңылған туристерге құтқарушылар түнде көмекке жетті.  

Алматы тауларында адасып кеткен 2 жасөспірім құтқарылды Фото: бейнежазбадан

Алматы тауларында Сәтбаев шыңынан түсу кезінде адасып кеткен 16 жастағы екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Олар Треугольник шыңы маңында бағытынан жаңылып, қараңғы түскен соң құтқарушылардан көмек сұраған.

Хабар түскеннен кейін ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің "Барыс" бөлімшесі іздеу жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар күрделі таулы аймақта үш сағаттан астам уақыт жүріп, жасөспірімдерді Треугольник шыңының етегінен тапты.

Туристердің жағдайы қанағаттанарлық болып, медициналық көмек қажет болмады. Кейін олардың тауға жеткілікті дайындықсыз шыққаны анықталды.

Құтқару операциясынан кейін жасөспірімдер қауіпсіз түрде қалаға жеткізілді. ТЖМ тұрғындарды тауға шығар алдында бағытты мұқият жоспарлап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу