Алматы тауларында бағытынан адасқан екі туристке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Медеу ауданында, 3450 метр биіктіктегі "Чимбулачка" шыңының маңында болған. Туристер таудан түсу кезінде бағытынан адасып қалған.
Олар құтқарушылармен байланыста болған, сондай-ақ геолокациясы анықталған. Мамандар туристерді "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының автотұрағына дейін қауіпсіз түсірді.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған. Кейін олар үйлеріне өз беттерінше қайтқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу