Алматы тауларында құтқарушылар байланысқа шықпай қалған екі туристі тапты. Олар Үлкен Алматы шыңынан "Терра" алаңқайы бағытына түсіп келе жатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Туристердің байланысқа шықпағаны туралы олардың досы хабарлаған. Осыдан кейін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының "Барыс" жасағы іздеу жұмыстарын бастаған.
Құтқарушылар "Терра" алаңқайындағы лашықтан екі ер адамды тапты. Олардың жағдайы қанағаттанарлық болған, медициналық көмек қажет болмаған.
Құтқарушылар туристерді Өтпелі шатқал арқылы қауіпсіз жерге дейін алып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу