Алматы тауларында байланыссыз жерде де құтқарушыларды шақыруға мүмкіндік беретін құрылғы сынақтан өтіп жатыр

149

AG Tag құрылғысы 15 шақырымға дейін сигнал жібере алады.

Алматы тауларында байланыссыз жерде де құтқарушыларды шақыруға мүмкіндік беретін құрылғы сынақтан өтіп жатыр Фото: lastday.club

Алматы тауларында ұялы байланыс пен интернет жоқ жерлерде туристерге көмек шақыруға мүмкіндік беретін AG Tag құрылғысы сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылғы спутник арқылы адамның орналасқан жерін анықтап, координаттарын радиобайланыс көмегімен құтқарушыларға жеткізеді. Қауіп төнген жағдайда SOS батырмасын басу жеткілікті. Сигнал құтқару қызметінің электрондық картасында көрініп, ақпарат әр екі секунд сайын жаңарып отырады. Құрылғы 15 шақырымға дейінгі қашықтыққа сигнал жібере алады.

AG Digital KZ компаниясы әзірлеген технология Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының қатысуымен сыналып жатыр. Бұл жүйе таулы аймақтар үшін маңызды, себебі Алматы тауларында жыл сайын мыңнан астам іздестіру-құтқару операциясы жүргізіледі. Ал көптеген бағытта ұялы байланыс жоқ.

Қазіргі уақытта AG Tag құрылғысы Үлкен Алматы көлі маңы мен танымал тау шыңдарын қамтитын алты бағытта сынақтан сәтті өткен. 2026 жылдың соңына дейін оны туристер мен альпинистердің қатысуымен сынау жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу