Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар туристерді мына ережелерді сақтауға шақырады:
- маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
- 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
- ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
- жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
- дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
- егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды 2-3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу