Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

1145

Қар массасы "Пионер" отбасылық тау шаңғысы курортының аспалы жолына жетті.

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер, зардап шеккендер жоқ, деп жазды inbusiness.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

"25 наурыз сағат 10: 43-те "Қотырбұлақ" өзенінің бассейнінде жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүрді. Түскен масса "Пионер" тау шаңғысы отбасылық курортының арқанды жолына дейін жетті. "Қазселденқорғау" ММ Алматы қаласы бойынша  ұсынысы негізінде кешенде орнатылған арқанды жолының жұмысы 15 наурыздан бастап тоқтатылды, қонақ үйде келушілер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша ала құрбандар болғандар, зардап шеккендер  жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Көшкіннің көлемін нақтылау үшін Қазселденқорғау қызметкерлері оқиға орнына  жіберілді. 

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК 2022 жылғы 24 наурыздағы №8 дауылды ескертуіне сәйкес Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 25-28 наурыз аралығында қар көшкінінің жүру қаупі сақталады.

“Тауға барудан бас тартуыңызды сұраймыз!”, – деп ескетті ТЖД. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу