Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ТЖД таудағы қауіп-қатер туралы ескертті.  

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдағы күндері тауда қар көшкіні жүру қаупі жоғары.

"Қазгидрометтің №4 дауылды ескерту негізінде 24-25 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығуға болмайды. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс", – деп хабарлады департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу