Алматы тауларында қар көшкінінің қаупі байқалып тұр

392

Төтенше жағдай департаменті алматылықтарға үндеу жасады. 

Алматы тауларында қар көшкінінің қаупі байқалып тұр Фото: inbusiness.kz

Алматы облысының тауларында 18-21 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент азаматтардан, туристерден және демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.

“Облыс аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен, қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу