Алматы тауларында сел жағдайы тұрақты деп бағаланды

384

Алматының таулы аймақтарында сел қауіпіне қатысты аэровизуалды тексеру жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы тауларында сел жағдайы тұрақты деп бағаланды Фото: ТЖМ

Мониторинг жұмыстарына "Қазселденқорғау" мамандары, Алматы қаласы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ тікұшағы жұмылдырылды.

Тексеру Іле Алатауы жотасының солтүстік бөлігі – Қаскелең өзені алабынан бастап Түрген өзені алабына дейінгі аумақты қамтыды.

Негізгі мақсат мұздақ көлдер мен мұздық кешендердің жағдайын, сел арналарының ахуалын және жалпы гидрологиялық қауіп деңгейін бағалау болды.

Мамандардың мәліметінше, биік таулы аймақтағы мұздақ көлдердің басым бөлігі маусымдық толу кезеңінде. Кейбір көлдер әлі де мұз бен қар жамылғысының астында сақталған. Ал өзендерде су лайлылығының артуы тіркелмеген.

Қар жамылғысының қалыңдығы таулы аумақтарда 20-50 сантиметр аралығында. Қар сызығы теңіз деңгейінен 3300-3500 метр биіктікте орналасқан.

Тексеру нәтижесі бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысындағы өзен алаптарында сел жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу