Алматы қаласының құтқару қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, турист әйел бас-ми жарақатын алған және аяқ-қолдары зақымдалған.
Оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.
Сағат 18:30-да олар зардап шеккен адамға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен қарай түсіре бастады.
Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу үшін "Аюсай" визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум жанынан жедел медициналық көмек бригадасы шақыртылды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу