Алматы тауларында студент қыз құтқарылды

169

Құтқару қызметіне 19 жастағы қыз хабарласып, 2200 метр биіктікте орналасқан Көк-Жайлау шатқалынан түсіп келе жатқанын айтқан.  

Алматы тауларында студент қыз құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ол ауа райының күрт нашарлап, толассыз жаңбырға байланысты жолда адасып кетуден қорыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Турист өзінің геолокациялық мәліметтерін жіберіп, таудан қауіпсіз түсіру үшін көмек сұрайды.

Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін "ҮАШ" БҚП құрамынан Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің экипажы аттанды. Құтқарушылар туристті тауып, жылы киіммен қамтамасыз етті және оны Кәмен үстіртіне дейін қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, қызда құрғақ ауыстыратын киім және такси шақыруға қаражаты болмағандықтан, оны жатақханаға жеткізу шешімі қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу