Алматы тауларында түнде адасып кеткен 2 адам құтқарылды

299

2600 метр биіктікте жоғалған жастарды құтқарушылар іздестірді.  

Алматы тауларында түнде адасып кеткен 2 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар түнде тауда адасып кеткен екі жасты тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2600 метр биіктіктегі "Терра" алаңы маңында болған. 112 нөміріне 2006 жылы туған жігіт қоңырау шалып, қызбен бірге тауда адасып қалғанын хабарлаған. Алайда телефон қуаты таусылуға жақын болғандықтан, кейін олармен байланыс үзілген.

Іздеу жұмыстарына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жұмылдырылды. Нәтижесінде 2006 жылы туған жігіт пен 2005 жылы туған қыз табылды.

Құтқарушылар жастарды "Алма-Арасан" автотұрағына дейін алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Кейін жастар үйлеріне өз беттерінше қайтқан.

ТЖМ тауға шығар алдында жақындарына баратын бағыт туралы хабарлауды, ауа райы болжамын тексеруді және телефонды толық қуаттап, қосымша қуаттағыш алуды ескертеді. Сондай-ақ тауға жалғыз шықпай, белгіленген қауіпсіз бағыттан ауытқымау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу