Алматы тауларында жарақат алған қыз өздігінен төмен түсе алмай қалған

385

Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған қызға көмек көрсетті.

Алматы тауларында жарақат алған қыз өздігінен төмен түсе алмай қалған Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласы Бостандық ауданында Жапон жолы маңындағы таулы аймақта демалып жүрген 2004 жылы туған қыз аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары келіп, қажетті көмек көрсетті.

Олар зардап шеккен қызды "Эдельвейс" туристік базасына дейін жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу