Алматы облысында Аюсай шатқалы маңындағы таулы аумақта жүрген екі жасөспірім іздестіріліп, құтқарушылардың көмегімен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жасөспірімдермен байланыс болмаған және олардың нақты орналасқан жерінің координаттары белгісіз болған. Осыдан кейін ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Таулы аумақты тексеру барысында жасөспірімдер Үлкен Алматы шатқалында, шекара бекетінен жоғары жерден табылды.
Құтқарушылар оларды қауіпсіз бағытпен Алмарасан шатқалындағы экологиялық бекетке, одан әрі шлагбаумға дейін жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.