Алматы тауларында жоғалған шетелдік турист әлі табылмады

252

Құтқарушылар тау беткейлері, шатқалдар мен қол жетуі қиын учаскелерді тексеруде. 

Алматы тауларында жоғалған шетелдік турист әлі табылмады Фото: depositphoto

Алматыда Корея Республикасының азаматын іздеу бойынша құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іздестіру жұмыстары таулы жердің күрделілігі, аумақтың ауқымды болуы және биіктіктің күрт өзгеруіне байланысты қиын жағдайда жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тау беткейлері, шатқалдар мен қол жетуі қиын учаскелерді тексеруде.

Операцияға ТЖМ күштері мен волонтерлерден шамамен 88 адам, 10 техника, 3 кинологиялық есеп және 7 дрон жұмылдырылған.

Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып, операция барысы ТЖМ бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу