Алматы тауларында жоғалып кеткен турист табылды

845

Жағдайы ауыр деп бағалануда, оны тасымалдау үшін тікұшақ жіберілді. 

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист табылды

8 шілде күні сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖ департаментіне Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы көлінің маңында хабарсыз кеткен Әлия Камиева табылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, зардап шегушіні тасымалдау үшін тікұшақ жіберілді. 

"Оқиға орнына Шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша бригада жіберілді. Оның қай  ауруханаға  жатқызылатыны жағдайына байланысты белгіленетін болады. Департамент ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағын ұйымдастырды
Бұған дейін здестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың бар күштері мен құралдары жұмылдырылған болатын", – деп хабарлады қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, 1980 жылы туған алматылық Үлкен Алматы көлінің маңында хабарсыз кеткен. ТЖД-ға оның жоғалып кеткені туралы 7 шілдеде таңғы сағат 09:22-де анасы хабарлаған. 

Айтуынша, қызын  соңғы рет 5 шілдеде Үлкен Алматы көлінің маңында көрген. Ал телефоны үйде қалған.

Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер, арнайы техника жіберілді, оның ішінде: Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, құтқару қызметі 109, еріктілер бар. Күндізгі уақытта іздестіру жұмыстарына ІҚЖ -ға пилотсыз ұшу аппараттары тартылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу