Қалалық Туризм басқармасының хабарлауынша, бұл қызмет EcoWay платформасында іске қосылған. Платформаға Алматының үш танымал тау аймағынан тікелей көрсетілім жасайтын веб-камералар орналастырылған.
Атап айтқанда, камералар мына аумақтарды көрсетеді:
- Мыңжылқы мен Тұйықсу шатқалы;
- Үлкен Алматы көлі және Қаныш Сәтбаев шыңы (Советов шыңы);
- Үлкен Алматы шыңы.
Бұдан бөлек, платформада тау табиғатының әр маусымдағы өзгерісін салыстыруға мүмкіндік беретін таймлапс бейнелерінің архиві де қолжетімді.
Алдағы уақытта EcoWay платформасын Almaty Hike жобасымен біріктіру көзделіп отыр. Сондай-ақ тау маршруттарының интерактивті картасын жетілдіру, География институтымен бірлесіп көшкін қаупі туралы ақпарат қосу жоспарланған.
"Бұған қоса навигация және туристік бағыттарды тіркеу функциялары бар мобильді қосымша іске қосылады", – деп мәлімдеді басқарма.