Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
"Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дрон ұшырды. Осылайша, қар массасынан бір зардап шеккен адамды шығарып алды. Алдын ала ақпарат бойынша оның иығы шығып кеткен. Екінші адамды іздеу жалғасуда. Жалпы саны: 31 адам, 8 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ, 1 дрон жұмылдырыған", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Алматыдағы "Молодежный" шыңында көшкін жүріп, қар құрсауында 2 адам қалған еді. Бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескерту негізінде 2022 жылдың 9-13 сәуірінде таудағы көшкін қаупі туралы хабарлама жіберген болатын, қала тұрғындары мен қонақтарына sms, Дәрмен мобильді қосымшасы және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала ескертілді.
Құралай Құдайберген