Алматы тауларының 3100 метр биіктігінде турист құлап, жарақат алды

341

Алматы облысы тауларында ТЖМ құтқарушылары туристке көмек көрсетті

Алматы тауларының 3100 метр биіктігінде турист құлап, жарақат алды Фото: ТЖМ

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданында, "Девичьи слезы" сарқырамасы маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3100 метр биіктікте туристке құтқарушылар көмегі қажет болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тау соқпағымен төмен түсіп келе жатқан 1988 жылғы әйел тайып құлап, құйымшақ тұсынан жарақат алған. Оқиға туралы хабар түскен соң Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел түрде оқиға орнына жетті.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматшаны арнайы зембілге жатқызып, оны Алмарасан автотұрағына дейін тасымалдады. Онда ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, әрі қарай медициналық тексеруге жіберілді.

Сонымен қатар құтқарушылар маршрутта болған тағы екі әйелге көмек көрсетті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу