Алматы троллейбустан бас тартпайды – әкім

483

Қалада троллейбус инфрақұрылымдарын модернизациялау келер жылы аяқталады.

Алматы троллейбустан бас тартпайды – әкім

Троллейбустардан бас тарту күн тәртібіне қойылған жоқ және қойылмайды да. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қалалықтардың сұрақтарына жауап берген Б. Сағынтаев троллейбустардың жұмысын қамтамасыз ететін байланыс желілері мен қосалқы стансаларды модернизациялау бағдарламасының өткен жылы қабылданғанын хабарлады.

Биылғы жылы пандемия салдарынан шығындар қысқартылды. Жыл соңына дейін 16 көшедегі байланыс желілері жаңаратын болады.

"172 шақырым желілерді ауыстыруды қажет ететін троллейбус инфрақұрылымын толықтай модернизациялауды 2021 жылы аяқтауды жоспарлаудамыз", – деді Алматы әкімі.

2020 жылдың соңына дейін Жандосов, Сейфуллин, Қабанбай батыр, Әуезов, Розыбакиев, Жұбанов, Емцов, Қалдаяқов, Пушкин көшелері мен Рысқұлов және Райымбек даңғылдарының бойындағы ескірген байланыс желілері алынып тасталады және қайта монтаждалады.

Бұрын кабельді және байланыс желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары сонау 2000 жылы ғана жүргізілген екен. Күн сайын сегіз бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға 160 троллейбус шығатын болады. Мұндағы жолаушы ағыны ай сайын шамамен 2,5-3 млн адамды құрайды. Троллейбус желісінің жалпы ұзындығы 191 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу