Алматы түбіндегі ұшақ апаты: Атамқұлов тергеуге қатысты пікір білдірді

1153

Әуе апатынан 12 адам қаза тапқан болатын.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты: Атамқұлов тергеуге қатысты пікір білдірді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы түбіндегі ұшақ апатын тергеу неге созылып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр алдағы уақытта тергеудің қорытындысы шығатынын атап өтті.

"Жақын арада Алматы түбінде құлаған Bek Air компаниясының ұшағына қатысты тергеудің қорытындысын аламыз. Өкінішке қарай, қайғылы оқиға авиакомпанияның қауіпсіздік стандарттарын сақтауында елеулі заңбұзушылықтар барын көрсетті. Ашығын айтсақ, пандемияға байланысты тергеу ұзаққа созылды. Халықаралық сарапшылар Қазақстанға жұмысқа уақытында келе алмады", - деді министр ОКҚ-де өтіп жатқан халыққа есеп беру кездесуінде.

Бейбіт Атамқұлов құзыретті органдар қорытынды бергенге дейін апатты тергеу барысына түсінік бере алмайтынын айтты.

Еске салайық, әуе апаты 2019 жылғы 27 желтоқсанда таңғы сағат 7-де болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың арасында ұшақ командирі бар. Екінші пилот ауруханадан шыққаннан кейін бір аптадан соң қайтыс болды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу