2 қарашадан бастап Алматыда "Жасыл аула" акциясына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық аумақтарды көгалдандыру үшін 10 түпке дейін жапырақты ағаш көшетін тегін ала алады.
Акцияға қатысушылар отырғызылған ағаштарға үш жыл бойы күтім жасауға міндеттенуі керек.
Өтінімдер 2026 жылғы 2-15 қараша аралығында zhasyl.aula2026@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Өтінімде аты-жөні, байланыс деректері, ағаш отырғызылатын жердің нақты мекенжайы және қажетті көшет саны көрсетілуі тиіс.
Сондай-ақ мамандар аумақты бағалауы үшін ағаш егілетін жердің бірнеше фотосуретін, мүмкіндігінше панорамалық түсірілімдерін жіберу қажет. Фотосуреті жоқ өтінімдер қаралмайды.
Көшеттерді тарату 21-22 қараша күндері Тәжібаев көшесі, 155а мекенжайында өтеді деп жоспарланған. Ағаш отырғызылғаннан кейін қатысушылар фотоесеп жолдауы керек.
Акцияға жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарындағы үйлердің тұрғындары мен заңды тұлғалар қатыса алмайды.
Қосымша ақпаратты Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының Жасыл қорды мониторингтеу және басқару бөлімінен +7 747 181 06 47 телефоны арқылы алуға болады. Мамандар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жауап береді.