Тегін тексеріс үшін Шевченко көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталіне сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін бару қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған мекен-жайда Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының диагностикалық автобусы тұрады. Азаматтар тегін офтальмологиялық тексеруден өте алады.
Қазақстандағы алғашқы мобильді офтальмологиялық орталық көзді тексеруге қажет заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Алдын ала тіркелудің қажеті жоқ, сол жерде кезекке тұру керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу