Алматы тұрғындары "Тағзым" мемориалына гүл шоқтарын қойды

596

Бүгін қала мешіттерінде Қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың рухына арналып, құрбандық шалынып жатыр. 

Алматы тұрғындары "Тағзым" мемориалына гүл шоқтарын қойды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"Тағзым" мемориалы маңына жиналған қала тұрғындары қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, "Тағзым" мемориалының стелласына гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге қала басшысы, қоғам қайраткерлері және т.б. қатысты, деп жазады inbusiness.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дін қызметкерлері марқұмдардың рухына құран бағыштап, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы уағыз айтты. Жиналғандарға мешіттердегі асқа бару үшін көлік дайындалды. Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу