Алматы туризм басқармасына жаңа басшы келді

487

Басқарманы Ғалия Тоқсейітова басқаратын болады. 

Алматы туризм басқармасына жаңа басшы келді Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің өкімімен қалалық туризм басқармасының басшысы болып Ғалия Еланқызы Тоқсейітова тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Ғалия Тоқсейітова 1991 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша бітірген.

Ғалия Еленқызы Президент жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2013 жылы Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасының кірістерді орындау, қарызға қызмет көрсету және кредит беру бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу