Алматы-Үрімші жаңа автобус бағыты ашылды

341

Шекаралас Қытай аймағы Үрімшіден тағы төрт халықаралық автобус бағытын іске қосады. Оның ішінде Семей қаласы болады. 

Алматы-Үрімші жаңа автобус бағыты ашылды Фото: Inbusiness.kz

Қытайда жұма күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімшіні Қазақстанның ең ірі қаласы Алматымен байланыстыратын жолаушылар автобус қатынасы іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz.

Шыңжаң аймақтық көлік басқармасының мәліметі бойынша, ұзындығы 1150 шақырым болатын трансшекаралық маршрут бойынша бір жақты жол шамамен 12 сағатты алады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытай мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалына жәрдемдесу мақсатында шекаралас Қытай өңірі Үрімшіден тағы төрт халықаралық автобус бағытын іске қосады. Бағыттардың бірі Семей қаласы болады, деп толықтырды ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу