Алматы жаhандық қаржы орталықтары индексінде 44 сатыға төмендеді

639

Зерттеуге Дүниежүзілік банк, The Economist Intelligence Unit және БҰҰ сынды ірі ұйымдар ұсынған 138 негізгі фактор арқау болды.  

Алматы жаhандық қаржы орталықтары индексінде 44 сатыға төмендеді

Z/Yen Ббритан компаниясы мен Қытай даму институты  әлемдік қаржы орталықтарының 28-ші тізімін жариялады. 

Аталған зерттеуге 121 қала қатысады. Оның 111-і қазір негізгі тізімде тұр. 

"Рейтингте Нұр-Сұлтан 2 саты төмен жылжып, 74-ші орынға жайғасты. Ал Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстан астанасы 11-ші орыннан 6-шы орынға көтерілген. Алайда Алматы бірден 44 сатыға төмен сырғып, 99-шы орынға тұрақтады. Бұған қарамастан "алма қала" алғаш рет қаржы технологиялар секторындағы қаржы орталықтары тізіміне енгізіліп, 67-ші орынға жайғасты",  – деп жазылған зерттеуде. 

Зерттеуге 138 негізгі фактор арқау болған. Бұл деректерді Дүнижүзілік банк, The Economist Intelligence Unit және БҰҰ сынды ірі ұйымдар ұсынған. Сонымен қатар 8,5 мың респондент онлайн сауалнама толтырып, қаржы орталықтары туралы 54,5 мыңға жуық ақпаратпен бөліскен. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу