"Алматы жақсылық сыйлайды" акциясы жалғасуда

654

"Жақсылық үшін көп нәрсенің қажеті жоқ" – алматылық еріктілер мен белсенділер жаңа қайырымдылық акцияларын іске қосады.  

"Алматы жақсылық сыйлайды" акциясы жалғасуда

Алматылықтар қайтадан бірігіп, өздерінің қала тұрғындарының мәселелеріне бей-жай қарамайтынын көрсетті.  Мәселен, бүгінде мегаполисте түрлі қайырымдылық акциялары белсенді түрде өткізіліп жатыр, олар онлайн және офлайн режимде де ауқымға ие. Басты мақсат – қиын өмірлік жағдайға тап болған қала тұрғындарының өміріне өз үлесін қосу.

Мысалы, "Таңғы студияның" жүргізушілері, отандық жұлдыздар – Тәуекел Мүсілім мен Данияр Батырбаев STOPCOV| Almaty арнасының редакциясымен бірлесіп "Алматы жақсылық сыйлайды" акциясын іске қосты. Қарттар күніне орай азаматтық белсенділер тобы еріктілермен бірге мұқтаж зейнеткерлерге барып, оларды мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттерін әкелді.

"Біз белсенді қалалықтардан қарттарымызбен өз қамқорлығымен бөлісуді, оған мұқтаж адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетуді және жай ғана назар аударуды сұраймыз. Жақсылық үшін көп нәрсе қажет емес", – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.

Сонымен қатар, алматылық еріктілер-энтузиастар  2 қазанда "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінен басталған қайырымдылық велошеруін ұйымдастырды.

Қайырымдылық жобасының мақсаты – Алматыда ғана емес, еліміздің түрлі өңірлерінде тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету. Велошеру барысында жиналған қаражат балаларға көмек көрсетуге бағытталады. Аталған іс-шара қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайбергеннің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Велошерудің ұзақтығы – 2200 км, мәре нүктесі-Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу