Алматы жаппай тәртіпсіздікке қатысты 405 қылмыстық іс тергелуде

1087

Уақытша ұстау изоляторынан 91 адам босатылды. 

Алматы жаппай тәртіпсіздікке қатысты 405 қылмыстық іс тергелуде

Бұл туралы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев мегаполистегі қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру жұмыстары бойынша штаб отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, қалада құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын жедел топ құрылған. 

"Қазір құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қарақшылар мен террористерге қатысты жаза тергеудің қорытындысы бойынша қабылданады. Оқиға орнынан көптеген дәлелдер, заттай айғақтар мен қылмыс іздері алынды", – деді спикер. 

Прокуратура адам құқықтары жөніндегі уәкіл, үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттар алқасымен бірлесе отырып, қылмыстық процестің барлық сатыларында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар спикер алматылықтардың сенім телефонына хабарласа алатынын айтты. 

Бұған қоса осы оқиғалардың куәгері болған қала тұрғындары жасырын түрде видео немесе суреттермен бөлісе алады. Бұл мақсатта "Терроризмді тоқтату" интернет-ресурсы құрылды. 

"Уақытша ұстау изоляторынан 91 адамды босаттық. 100 тұлғаның жазасы әкімшілік түрде жеңілдетілді. Бұл жұмыс жалғасын табады", – дейді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу