"Алматы жастары" бағдарламасы аясында 829 адам баспаналы болды

518

Алматыда 10-14 қазан аралығында азаматтарды "Алматы жастары" бағдарламасына қатысу үшін қосымша іріктеу жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.  

"Алматы жастары" бағдарламасы аясында 829 адам баспаналы болды Фото: gov.kz

Айта кетсек, қосымша іріктеуге бағдарламаға негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, алайда, құжаттары дұрыс толтырылмаған адамдар ғана қатысты. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 2 135 қатысушы өз өтінімдерін редакциялап, құжаттарын қайта жаңартты.

Барлық өтініштер мен құжаттардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексерілді. Іріктелген қатысушылар, резервке енген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылды. Іріктелген 183 үміткерге сайттағы жеке кабинетке "Отбасы банк" АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу