Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту құны үш есеге жуық өсті

803

Осылайша жобаға 315 млрд теңге жұмсалмақ.

Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту құны үш есеге жуық өсті

Алматыдағы ЖЭО-2-ні жаңғыртуға 315 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл бұрын ұсынылған сомадан шамамен үш есе жоғары. Жобаның құны "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу" ұлттық жобасында көрсетілген. 2021-2025 жылдарға жоспарланған құжатты ел үкіметі әзірлеген. Жоспарға сәйкес, қуаттылығы 400 МВт болатын құрама циклді станса салу көзделген. Мұндай шешім қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қабылданды. Жоба 2025 жылға дейін аяқталады деп күтілуде.

"Биылғы жылы жобаға 300 млн теңге жұмсалған. Келесі жылы 10,5 млрд теңге, ал алдағы үш жылда 101,4 млрд теңге жұмсау жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 315 млрд теңгені құрайды. Орталық құрылысы инвестиция, яғни бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады", – деп жазылған құжатта.

Еске сала кетсек, өткен жылдың мамыр айында мамандар Алматы ЖЭО-2-ні газға көшірудің төрт нұсқасын ұсынған болатын. Олардың ең арзаны 98 млрд теңгеге, ал ең қымбаты 315 млрд теңгеге бағаланды.

Алғашында үкімет Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасына 98 млрд теңге бөлінеді деген шешім қабылдады. Алайда кейінірек бұл нұсқа сараптамадан өтпеді. Осыдан соң орталық құны 131 млрд теңгеге дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу