Алматы зообағының директоры қызметінен кетті

1104

Алматы зообағының директоры қызметінен кетті

Алматы зообағының директоры Қанат Кәрімов өз өтінішімен қызметінен кетті, деп мәлім етті зообақ қызметкері. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

Дереккөздің айтуынша, Қанат Кәрімов бүгін өз еркімен қызметтен кету жөнінде өтініш жазған.

"Ол зообақ қызметкерлеріне өз шешімі туралы хабарлады.  Өтініш те жазып қойды. Бәрімізге бірге жұмыс істегеніміз үшін алғысын айтып, қоштасып кетті", – деді ол.

Соңғы жылдары Алматының зообағында хайуанаттардың өлім-жітімі жиілеп кетті.  Атап айтқанда, биылғы жылдың қазан айында Чита атты алты жасар ұрғашы қабылан мен Мелман атты екі жасар керік өлген болатын. Ал  2016 жылдың мамырында  Құралай атты амур жолбарысы жадап-жүдеп, ақыры өлген еді.  Мұның алдында зообақтағы қар барыстары түгелдей қырылып қалды.  Бұл деректердің барлығы қала тұрғындарының ойын сан-саққа жүгірткені бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу