Алматыда "Балуан Шолақ" көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

2360

Фильм прокатқа 2019 жылдың басында шығады деп жоспарлануда.

Алматыда "Балуан Шолақ" көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Бүгін Алматыда "Kinopark 8 Moskva" кинотеатрында "Балуан Шолақ" көркем фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті. Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

Фильмнің режиссері – Нұргелді Садығұлов. Тарихи кинолента балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолаққа арналған. 

Естеріңізге сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан. Сондай-ақ, түсірілімдер Павлодар қаласында және Бурабай курорты аймағында өткен.

"Мен үшін маңыздысы жас ұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету. Фильмнің қалай шыққанын экран көрсетеді. Түсірілім тобымен өте жақсы жұмыс жасадық. Әсіресе актерлерді – Балуан Шолақты сомдаған Еркебұлан Дайыровты, Ақылбайды ойнаған Медғат Өмірәлиевті және Долгоносовтың образын аша білген Александр Багрянцевті атап өткім келеді", - деді Нұргелді Садығұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу