Алматыда 10 жасар баланы азғындамақ болған ер адам қамауға алынды

163

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алматыда 10 жасар баланы азғындамақ болған ер адам қамауға алынды Фото: тұрғындардан

Алматыда 10 жасар балаға азғындық ойын жүзеге асырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

45 жастағы ер адам 10 жасар баланы пәтеріне кіргізіп, тиіспек болған. Алайда бала пәтерден қашып шыққан. Тұрғын үйдің бейнебақылау камераларына бұл түсіп қалған. Баланың анасы осы видеоны желіге жүктеп, қоғамдық резонанс тудыруды сұрады. 

Әйелдің айтуынша, баланы зорламақ болған күдікті бірден ұсталған, десе де полиция қызметкері одан арыз жазбауды өтінген көрінеді. Содан кейін ер адамды келесі күні босатып жіберген. Бір топ тұрғын үйдің алдына шығып, бұған қарсы шықты. Олар полиция бөлімшесіне бет алып, мәселені шешуді талап еткен еді. Осыдан соң ер адам қайтадан қамауға алыныпты. 

Алматы полициясының баспасөз қызметі сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті қамауға алынды, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу