Алматыда 100-ге жуық нысан жылусыз қалды

822

Алматыда 100-ге жуық нысан жылусыз қалды

Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысындағы құбыр жарылып, жүзге жуық нысан жылусыз қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Оның 55-сі әкімшілік, төртеуі әлеуметтік ғимарат болса, қалғаны – жеке тұрғын үй. Апатты жағдайға байланысты жылу беру тоқтатылған.

"Сыр берген құбырлардың пайдалану мерзімі өтіп кеткен", – дейді жауапты мекеме өкілі. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алайда материалдық шығынға батқан тұрғындар жауапты мекемеге жазбаша түрде арыздана алады.

"Жылу құбыры сағат үштерде жарылды. Бірден ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Қазір апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Жоспар бойынша түнгі сағат екіде аталған құбырды жамап, жылу беріледі. Зардап шеккендер жоқ", - деді , Алматы жылуэнергия кешені және ТКШ ресми өкілі Ян Гирин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу