Алматыда 117 супермаркет қайта ашылды

1153

Жұмысын жандандырған бизнес нысандары қатарында 6 сауда және ойын-сауық орталығы, 63 сауда үйі бар. 

Алматыда 117 супермаркет қайта ашылды

Алматыда лаңкестердің лаңынан кейін 117 супермаркет қайта ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. 

"Мегаполисте 117 супермаркет, 10 азық-түлік базары және тағы 20 азық-түлік емес базар ашылды. Сонымен қатар 121 жанармай құю бекеті, 6 сауда және ойын-сауық орталығы мен 63 сауда үйі бар. Тағы 313 қоғамдық тамақтандыру нысаны (кафе, мейрамхана) және 450 нысан, 76 өнеркәсіптік кәсіпорын қызметін бастайды", – деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен кәсіпкерлерге уәкілетті органдардан немесе жеке бағалау компанияларынан келтірілген залал туралы қорытынды шықпай тұрып, лаңкестік әрекеттер мен тонаудан зардап шеккен нысандарды реттемеуге кеңес береді.  

"Бұл шарттарды сақтамау залал мөлшерін дәлелдеуде қиындықтарға әкелуі мүмкін", – деді қалалық палата директоры Айтуар Қошмамбетов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу