Бұл туралы тұрғындарға "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АЖК мәліметінше, жарық таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін болмайды. Электр қуаты тек қарызын төлемеген үйлерге ғана өшіріледі. Оны қайта қосу үшін қарыз толығымен өтелуі керек.
"Электрмен жабдықтау қарыз толығымен өтелгенге дейін уақытша тоқтатылады. Қарыздары бар тұрғындармен жұмыс мүлік иелері бірлестігі (ОСИ) мен тұрғын үй кооперативтері арқылы жүргізіледі. Бұл – адал тұтынушыларға қолайсыздықты азайтуға көмектеседі", – делінген АЖК хабарламасында.
Компания өкілдері айтуынша, жарықты уақытша өшіру – қарызды қайтарудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.
Қазіргі таңда Алматы бойынша электр энергиясына жалпы қарыз көлемі 1,2 миллиард теңгеге жеткен. Ал, осы жылдың ақпанынан бастап елімізде су мен электр энергиясының тарифтері өсті.