Алматыда 12 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

173

Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда 12 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

 

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында М-ға қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

– Сот анықтағандай, сотталушы 2022 жылдың желтоқсан айы мен 2023 жылдың қыркүйек айы аралығында мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары қызметін атқара отырып, "Б" ЖШС-нің қызметін басқаруға заңсыз қатысқан. Қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, ол аталған компанияға қамқорлық көрсетіп, өз пайдасын көздеген. Аталған әрекеттердің салдарынан мемлекетке 12 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген, деп хабарлады қалалық сотттан.

Прокурор соттан оны бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу