banner

Алматыда 133 мыңнан астам компания тіркелген

657

Олардың жартысынан көбі жұмыс істейтін мекемелер. 

Алматыда 133 мыңнан астам компания тіркелген

2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Алматыда 133 040 заңды тұлға тіркелген. Бір айда көрсеткіш 0,43%-ға өсті. 1 қарашадағы жағдай бойынша қалада 132 472 компания тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Кәсіпорындардың ең көп саны көтерме және бөлшек саудада, оның ішінде автокөліктер мен мотоцикл жөндеуде тіркелген. Саланың үлесі 33,3%-ды құрады. 
Екінші орында басқа қызмет түрлерін көрсету – 12,5%, үшінші орында – құрылыс 9,6%. 

Осы үш қызмет түрінің үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 55,4%-ын құрайды. Айта кетейік, Алматыда жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны тіркелген мекемелердің 65,2%-ын құрайды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыда жұмыс істейтін компания басшыларының 32,1%-ы әйелдер. 

Әйелдер жетекшілік ететін заңды тұлғалардың шаруашылық қызметінің негізгі түрлері: білім беру (60,3%); денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (50%); жылжымайтын мүлікпен операциялар (40,7%); тамақтану қызметтері (39,1%); кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (38,6%).

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 10 айында Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 873,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу