Алматыда 15 магистральдық көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды

98

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.  

Алматыда 15 магистральдық көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматыда биыл жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын 340 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ұзындығы 32 шақырым болатын 15 магистральдық көшенің учаскелерінде жұмыс аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тағы төрт учаскеде – Жұбанов, Өтеген батыр көшелері мен Алтынсарин және Абай даңғылдарында асфальтбетонның төменгі қабаты төселді. Алдағы демалыс күндері асфальттың жоғарғы қабатын төсеу және жол таңбаларын сызу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Орташа жөндеу аясында жол бойы бүкіл ені бойынша жабын жаңартылып, бүлінген тротуарлар мен арық науалары жөнделеді.

Сонымен қатар, биыл аудандық маңызы бар 300-ден астам көше жөндеумен қамтылады. Бұл жұмыстарды 31 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ Ақжар, Боралдай және Рахат-Мәдениет шағынаудандарында жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын жаңа жолдардың құрылысы жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу