Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

371

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.    

Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

15 наурызда Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Бұл шешім республикалық референдумның өткізілуіне байланысты қабылданып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тегін жол жүру автобус, троллейбус және метрополитен сынды қалалық қоғамдық көліктің барлық түріне қатысты. Жолаушылар оны күні бойы жолақы төлеу тәсіліне және пайдаланылатын электронды билет жүйесіне қарамастан пайдалана алады", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні Алматы бойынша еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу