Қадағалау барысында жалпы ауданы 288 гектар болатын екі жер телімінің жеке меншікке заңсыз берілгені анықталған.
Алматы қаласында прокуратура органдары "Медеу" өңірлік табиғи паркіне іргелес орналасқан ірі жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған аумақтар ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлер санатына жатады және заң бойынша сатылмауы тиіс.
Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы негізінде сот бұл мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Кейін Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Нәтижесінде, жалпы құны 17 млрд теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу