Алматыда 194 көлік экологиялық норманы бұзған

167

Жылжымалы зертханалар бір айда 778 автокөлікті тексеріп, бензин, дизель және газбен жүретін көліктерден ақау тіркеді.  

Алматыда 194 көлік экологиялық норманы бұзған Фото: ttjk.info

2026 жылғы 1-29 маусым аралығында Алматыда жылжымалы экологиялық зертханалар 778 автокөліктің пайдаланылған газдары мен түтін деңгейінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері мәлім етті.

Мониторинг қала Полиция департаментімен бірлесіп жүргізілді. Іс-шаралар Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында ұйымдастырылып, ауа сапасын жақсартуға және зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталды.

Тексеру қорытындысы бойынша 194 көліктен экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 106-сы бензинмен, 86-сы дизельмен, 2-і газбен жүретін көлік.

"Eco Almaty" ЖШС мәліметінше, мұндай рейдтік тексерулер тұрақты түрде өткізіліп келеді және қала ауасындағы зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта жылжымалы экологиялық зертханалардың жұмысы жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу