Алматыда ақылы тұрақтардың саны тағы да артты

412

Алматы қаласының әкімдігі қаулы қабылдады.  

Алматыда ақылы тұрақтардың саны тағы да артты Фото: Алексей Старков

Құжатқа сәйкес, жаңа тұрақ орындарының барлығы тротуар үлгісінде ұйымдастырылады. Жобаның жүзеге асырылуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктеліп отыр. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тізімге тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық тұрақтар орналастырылатын 338 көше, сондай-ақ алаң түріндегі 27 тұрақ енді.

Ақылы автотұрақтар желісін кеңейту қаладағы көлік қозғалысын реттеу мақсатында қолға алынды. Соңғы уақытта тұрақ орындарының жетіспеушілігінен жүргізушілер көліктерін екінші қатарға немесе апаттық белгісін қосып, жол жиегіне қалдырып кететін жағдайлар жиілеген. Бұл автобустардың қозғалысына кедергі келтіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу