Алматыда 20 мың студент жатақханасыз қалған

666

Далада қалған студенттер жедел штабқа хабарласу керек.

Алматыда 20 мың студент жатақханасыз қалған

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Алматыда 19-20 мың төсек орны жетіспей тұр. Себебі 35 жоғары оқу орнында бүкіл елдегі студенттердің 30 пайыздан астамы шоғырланған. Олардың өзінің 70 пайызы басқа өңірлерден келген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда оқу жылының басында жедел штаб құрылды. Жатақханасыз "далада" қалған студенттер штабпен байланысуы керек.

"Бұл негізі үлкен қалалардың ортақ проблемасы. Сондықтан сол жедел штабқа сіздердің де көмектеріңіз керек. Кез келген отбасы, кез келген бала далада қалып қойған жағдайда жедел штабқа тезірек хабарлассын. 24 сағат жұмыс істеп отыр", – деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу