Алматыда 200-ден астам саудагер наразылыққа шықты

1246

Алматыдағы "Рахат" базарында еңбек ететін 200-ге жуық кәсіпкер орындарынан қуылып жатқанын айтып, шағымдануда, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда 200-ден астам саудагер наразылыққа шықты

Рахат базары әкімшілігі мен саудагерлер арасындағы дау туғанына біраз жыл өтті. Былтырғы наурызда сауда алаңы орналасқан жер теліміне жиһаз фабрикасы салынады деген ақпарат тарап, 300-ге жуық адам наразылық акциясын ұйымдастырған. Артынша сот кәсіпкерлер жағына шығып, мәселе шешілгендей болды. Енді, міне, контейнерлерде сауда жасап тұрған кәсіпкерлерге жаңа салынған сауда үйіне көшу туралы ұсыныс түскен, дәлірек айтсақ, сауда үйінің жер төлесіне. 

"Мұнда сатып алушылар аз келеді. Салдарынан кірісіміз айтарлықтай төмендейді. Ал контейнерлер тұрған аумаққа автотұрақ салынбақ", – дейді наразылыққа шыққандар.

Митингке шыққандардың айтуынша, Жетісу ауданы әкімдігі кәсіпкерлерге сауда үйлеріне көшуге бір ай уақыт берген. Бірақ кәсіпкерлер бұл талапқа бағынғысы келмейді.

Фото: Orda.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу