Алматыда 2021 жылы кейбір жекеменшік балабақша тегін болады

900

Келер жылдан бастап Алматыда кей жекеменшік балабақша тегін болмақ. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Ботаев мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматыда 2021 жылы кейбір жекеменшік балабақша тегін болады

Оның сөзінше, егер жекеменшік балабақша мемлекеттік тапсырысты орындайтын болса және оның үстіне жергілікті бюджеттен тамақтануға субсидияланса, онда ата-аналарға ешқандай қаражат төлеудің қажеті болмайды.

Әзірге, мектепке дейінгі мекемелерге субсидия беру талаптары жасалмаған. Ол негізінен мониторинг арқылы және ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама негізінде дайындалмақ.

Қосымша білім қашан қолжетімді болады?

Неге еліміздегі балалар қосымша білімді ақылы алуға мәжбүр? Оны барлығына тегін қылу мүмкін бе? Асхат Аймағамбетов айтқандай, жекеменшік ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс берілсе мәселе шешіле ме? Бұл сұрақтарға жекеменшік мектептердің құрылтайшысы Күләнда Батырбекова мен Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің бас маманы Лаура Алеуханова Мошкаловна жауап беріп көрді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу