Алматыда 2026-2028 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жоспары бекітілді

115

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен сессиясы өтті.

Алматыда 2026-2028 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жоспары бекітілді Фото: korter.kz

Сессия барысында Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқарма басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереев 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен қағидаларға сай әзірленген құжат 9 бағыт бойынша 43 іс-шараны қамтиды. Оның ішінде 17 іс-шара атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға бағытталған.

"Атмосфералық ауаны қорғау бағыты бойынша екінші және үшінші жылу электр орталықтарын газға көшіру, жеке секторды газдандыру, автокөліктердің шығарындыларын бақылау, шығарындылар деңгейі төмен аймақтарды енгізу, сондай-ақ Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелерін іске асыру шаралары қарастырылған. Су ресурстары бағыты бойынша су сапасына мониторинг жүргізу, өзен арналары мен каналдарды жаңғырту, жалпы ұзындығы 120 шақырымнан асатын арық желілерін салу мен жаңғырту шаралары көзделген. Жасыл қор бөлігінде жасыл желектерді түгендеу, қала аумағын көгалдандыру, жыл сайын кемінде 320 мың жасыл ағаш отырғызу жоспарланған", – деді Аршат Бахтыгереев.

Мәслихат депутаттары Алматы қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қолдау білдіріп, аталған құжатты бекітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу