Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

797

2020 жылы 3 мыңға жуық үй пайдалануға беріледі. 

Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

Бұл туралы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев онлайн брифинг барысында мәлім етті. 

"Қазіргі кезде шаhарда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. 2180 көпбалалы ана, 600 жетім бала, 12 мың әлеуметтік осал топ өкілі, 10 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер кезекте тұр. 2020 жылы 3 мыңға жуық үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде, "Алматы жастары" бойынша 188 жасқа пәтер кілті табыс етілді",– деді Айбек Сайделдаев. 

Бұған қоса ол республикалық "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 1696 адамнан өтініш түскенін айтады.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 1696 адам өтініш берді. Несие беру лимиттерін ҚР ИИДМ өңірлер бойынша бөледі. Алматы қаласына 3,7 млрд теңге сомасына 376 қарыз бөлінді. Оның ішінде 188 – көпбалалы отбасы, 188 – толық емес отбасы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар бар", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу