Алматыда 3 емхана салынады

133

Жыл соңына дейін Алматыда үш жаңа емхананың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.  

Алматыда 3 емхана салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Нысандар "Шұғыла" және "Алтай-1" шағынаудандарында, сондай-ақ Әйтеке би көшесінде орналасады. Әр емхана бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шұғыла" шағынауданындағы аумағы 12 мың шаршы метрден асатын емханада ересектер және балалар бөлімшелері, әйелдер консультациясы, зертхана, медициналық оңалту бөлімі, күндізгі стационар және амбулаториялық хирургия орталығы болады.

Әйтеке би көшесіндегі аумағы 8 мың шаршы метрден асатын емхана шамамен 30 мың тіркелген тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда терапия және педиатрия бөлімшелері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және бейінді мамандардың кабинеттері жұмыс істейді.

"Алтай-1" шағынауданында аумағы шамамен 10 мың шаршы метр болатын емхана салынып жатыр. Мұнда Отбасылық денсаулық орталығы, Жастар денсаулық орталығы, профилактика бөлімі және күндізгі стационар орналасады.

Үш емханада да келушілерге ыңғайлы болу үшін жеке кіреберістер мен қозғалыс бағыттары қарастырылған. Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін де қажетті жағдай жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу